Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында көгалдандыру жұмыстары қызу жүргізілуде

119

Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында жасыл желектер қорын көбейту, көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Әсіресе, жазғы уақыттарда көркейту-көгалдандыру жұмыстары қызу жүргізілуде.

Аталған ауланың жер теліміне қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізілуде: суғару құбырлары орнатылып, жасыл желектерді суғару мақсатында арнайы тік ұңғыма қазылуда.

Қала көшелерінің бойындағы ағаштар бұталып, ретсіз тасталған қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Ағаштардың түбі әктеліп, қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде. Қаланы көгалдандыру мақсатында 23 125 шаршы метр аумаққа 6 244 дана ағаш отырғызылса, 1 873 шаршы метр жерге 64 944 түрлі декоративті гүлдер егілді.
Жалпы аудан бойынша отырғызылған ағаштар қатарында кәдімгі қарағай – 556, Қырым қарағайы – 72, үйеңкі – 1296, тұт – 338, шаған – 700, емен – 320, қарағаш – 2340 және көп жылдық бұталардың түрлері бар. Сонымен бірге, аудан аумағына шафран – 12 528, тагетис – 18 752, петунья – 6 289, сальвия гүлдері егілді.
Сондай-ақ, көгал алаң жасау жұмыстары атқарылуда. Аталған үйлердің ауласын аралау барысында аудан басшысы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жауапты мердігер мекемеге аулаларға күз маусымына қарай ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды.

Қаладағы саябақтарда қураған ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда.

Advertisements