Пікірсайысшылар Түркістан облысы әкімінің кубогын сарапқа салды

120

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған  «Түркістан-көшбасшылар алаңы» атты Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін өткізілген республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы турнир жеңімпаздарын құттықтап, қатысушыларға алғыс білдірді.

Тартысты да таласты өткен турнир нәтижесі төмендегідей болды:

I-орын: «Мұхтар Мағауин» фракциясы (Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) Мұхаметалиұлы Өркен, Нұрсапа Айым.

II-орын:  «Қожа Ахмет Ясауи» фракциясы (Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті)

Бесбаев Ақан, Анарханұлы Ерасыл.

III-орын: «Құдайберген Жұбанов» фракциясы (Ақтөбе қаласы, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті)

Исламбек Бітімбай, Шамитова Толқын

Жүлделі орындардан бөлек, турнир қатысушылары мен белсенді ұйымдастырушылар: «Үздік гид», «Үздік делегация», «Жас талпыныс», «Үздік пост», «Үздік төреші», «Үздік спикер», «Үздік талпыныс» номинацияларымен марапатталды.

Advertisements