ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА 30 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
Биыл Шардара ауданында құны 1,8 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы бүгінгі брифингте өзінің жылдық есебінде Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай мәлімдеді.
«Осы жылы «BS Agro Product» ЖШС қауын қақ дайындау жобасын іске асыру жоспарлануда. Аталған жоба 50 адамды жұмыспен қамтымақ. Сонымен қатар, «Мамбетов С» сүт өнімдерін өңдеу цехының және «Байқошқаров А» балықты инкубациялық әдіспен өсіру жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, құны 200 млн теңгені құрайтын «Хамит» АӨК-нің балықты жабық жағдайда өсіру жобасын айтуға болады»- деді Қайрат Жолдыбайұлы.
Бұдан өзге, жалпы ауданда былтыр 12 млрд 177,3 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілсе, негізгі капиталға 29 млрд 729,6 млн теңге инвестиция тартылған. Сондай-ақ, ауданда 8 026 шағын кәсіпкерлік субъектілері бар. Оларда 10 162 адам жұмыс істесе, саладаға өндірілген өнім көлемі 32,9 млрд теңгеге жеткен. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1 120 жұмыс орнын қамтитын 350 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі