ШЫМКЕНТ: 20 мыңнан астам тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алды

128

Шымкентте COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары таратылды. Шараға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері белсенділік танытып, қобдишалар АӘК алушылардың мекен-жайларына таратылды.

Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді.Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.

Айта кетсек, аталған әлеуметтік көмек түрі ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап таратыла бастады. Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы дәрі қобдишаларын алды.
Жалпы қалада атаулы әлеуметтік көмекті алатын 30 мыңнан астам отбасы бар.

Шымкент қаласы бойынша қобдишалар «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде берілуде. Мекенжайлары келесідей:

Еңбекші ауданы, Жібек жолы 58, «Кабиско» аялдамасы, «Gramad Hypermarket».

Абай ауданы, Темірлан тас жолы 129, «Бекжан» автовокзалы;

Қаратау ауданы, Қайтпас 1 ш/а Көшеров көшесі 10 үй, «Береке» дүкенінің жанында және Нұрсат ш/а Арғынбеков көшесі 124, Шахан-2, «Gramad supermarket»;

Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі 3, «Айгүл» аялдамасы, «Gramad» СҮ.

Advertisements