ШЫМКЕНТ: Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

120


Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның бірі – орталық көше саналатын Б.Момышұлы көшесі.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталған болатын. Қаланың маңызды көшесі саналатын бұл жолдың құрылыс жұмыстарын «Омар-Транс» ЖШС-ы атқарып жатыр. Техникалық қадағалаушы – «Глобус Инжиниринг» ЖШС-ы.
Б.Момышұлы көшесінің жалпы ұзындығы екі жолақты 2,1 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4см болса, асфальт бетонның беткі қабаты 5см болады.
Жөндеу жұмыстары толығымен қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.

Шымкент қаласы бойынша 71 көше, яғни 49,8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым, Абай ауданы бойынша 9,1 шақырым, Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша жалпы ұзындығы 21,9 шақырым 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ішкі орам көшелері бойынша жалпы 151 көше, 180,4 шақырым жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда 66 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

Advertisements