ШЫМКЕНТ: Республика даңғылы бойындағы аяқ жолдар мен аялдамалар құрылысы аяқталауға жақын
Шымкент қаласындағы маңызды нысандардың бірі – Республика даңғылы.
Республика даңғылы – көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге елді-мекендермен біріктіретіндіктен қаламыздың басты магистралды көшелерінің бірі болып табылады.
Мұрат Әйтенов бүгін Республика даңғылының бойындағы тротуар салу және жаңа аялдамалар орнату жұмыстарының барысымен танысты.
Республика даңғылының жалпы ұзындығы төрт жолақты 5,3 шақырымды, ал жолдың ені 28 метрді құрайды. Көшенің бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, ал екінші жағына лоток орнатылуда және ені 2,25 м жаяу жүргінші жолы салынған. Құбыр үстінен Б.Момышұлы көшесінен жер асты өткеліне («Колос» аялдамасына) дейін веложол қарастырылған, асфальт құбыр арқылы лотокқа баратындай етіп төселген.
Республика даңғылына жоспар бойынша 10 нүктеге жаңа үлгідегі аялдама қойылады. Қазіргі уақытта оның 5-і орнатылған.
Бұл жүйе бұған дейін А.Байтұрсынов көшесінде тексеріліп алынған. Жолдың төмеңгі түзету қалыңдығы 9см, ал асфалт бетонның беткі қабаты 5см құрайды.
Осы жұмыстарды 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.
Шымкент қаласының оңтүстік қақпасына саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке-А» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Арман Строй Холдинг» ЖШС-гі.