ШЫМКЕНТ: 11 мыңнан астам тұрғын биыл ауыз сумен қамтылады

110

«Асар-2» шағын ауданындағы 11 мыңнан астам адам биыл ауыз сумен қамтылады, – деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жеті жылдан астам уақытта ауыз суды тасып ішіп келген Асар-2 шағын ауданы биыл сапалы ауыз сумен қамтылады. Қала әкімінің тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыру аясында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

«Асар-2» тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Құрылысын мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» жүргізуде. Жалпы ұзындығы 156,1 шақырымды құрайтын ауыз су желісін тарту жұмыстарының бүгінде 80 пайызы аяқталды. Құрылыс жұмысы биыл толығымен аяқталып, Асар-2 шағын ауданындағы 11060 адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Сонымен қоса, шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отынмен жарық жүйесіде тартылуда.

Сондай-ақ, Асар-2 шағын ауданында биылғы жылы ішкі көшелерде шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілген болатын.

 

Advertisements