ШЫМКЕНТТЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ ЖЫЛ САЙЫН ҰЛҒАЯТЫН БОЛДЫ

122

 

Мемлекет басшысы инфляция деңгейін 6-4 пайыздық дәлізде ұстап тұру жөнінде талап қойды. Баға тұрақтылығын сақтауда көтерме үйлестіру желісін құрып, ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді сол желімен қамтамасыз етуді жүктеді.

Шымкентте бұл бағытта баға тұрақтылығына қол жеткізуде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 позициясы бойынша ірі азық-түлік сауда желілерімен келісім жасалған. Сауда орталықтарына қайтарымды шартпен қаржы беріп, әлеуметтік 19 түрлі азық-түлік тауары шекті бағамен сатылуда.

Шаһар басшысы М.Әйтенов осы мақсатқа бөлінетін қаржыны жыл сайын ұлғайтатын боламыз деді. Орынбасарына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көтерме желілермен делдалсыз жұмыс істеуін үйлестіру жөнінде шаралар қабылдауды, кәсіпкерлік және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жұмыстарды үйлестіруді жүктеді.

Шымкентте 2 агроиндустриалды аймақтың құрылысы басталды. Оның бірі ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуде «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылып, құны 23 млрд. теңгені құрайтын 1 810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады.

 

Advertisements