ШЫМКЕНТ: Бір тәулік ішінде 5047 адам вакцина алды

119

Шымкентте 6 қыркүйекте КВИ-дің 106 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 98, белгілері жоқ – 😎. 79 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 27 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 500 орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1366 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1134 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 446 төсек орын бар, 214 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде 5047 адам вакцина алды
(I компонент-2697, II компонент-2350). Егу науқаны басталғалы барлығы 443 305 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 375 000 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 352 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Мамандар карантин талаптарын бұзу жайттары әлі де тоқтамай жатқанын айтуда. Атап айтқанда 6 қыркүйек күні 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықтап, әкімшілік хаттамалар толтырған.

Карантин талаптарын бұзу – айыппұл арқалау ғана емес, өзгенің өміріне де немқұрайлы қарау екенін ұмытпайық!

Advertisements