Тілдері күні мерекесі Шымкентте алғаш рет кең көлемде атап өтілуде
Үшінші мегаполисте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қолдау мақсатында ұйымдастырылған ерекше форматтағы іс-шаралар барысын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан бастаған қонақтар тамашалады.
– Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі Шымкентте алғаш рет осындай кең көлемде атап өтілуде. Барлық карантин талаптары сақталуда. Мұның барлығы елімізде тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру және 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылуда, – деді Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова.