ШЫМКЕНТ: “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі оқу орындарының жұмысымен танысты

124

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, “Nur Otan” партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, “Nur Otan” партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында дайындалған Жол картасы аясында Білім және ғылымды дамыту жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің төрайымы, Мәжіліс депутаты, “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы Шымкент қаласындағы оқу орындарының жұмысымен танысты.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 2018 жылы шілдеде ашылған коворкинг орталығын көрді.

«Nur Otan» партиясының «ІТ мамандар дайындау» жобасы шеңберінде балаларды бағдарламалауға және ІТ-мамандықтарының дағдыларына үйрететін алты ақысыз «IT-SYNYP» сыныптары ашылған.

«IT-SYNYP» копьютерлік сыныптары Wi-Fi аймақта орналасқан, мульдимедиялық подиумдармен қамтымасыз етілген, НР-24 компьютерлік 80 моноблокпен, жоғары жылдамдықты Интернетке (100 Мбит/с) қосылған Web-камералармен жабдықталған.

Сайлауалды бағдарламаның жүйелі орындалуы пысықталды.

Advertisements