ШЫМКЕНТ: “Грамотеи” зияткерлерлік квесті

116

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Халықаралық сауаттылық күніне арналған «Грамотеи» зияткерлік квесті өтті.

Достық үйінің аумағында Квест станциясының 5 агенті орналасты. Квест қатысушылары 2 командаға бөлініп, агенттерді іздей бастады. Әр станцияда ойыншылардың сауаттылығын, бірлігі мен тапқырлығын тексеретін тапсырмалар күтіп тұрды. Командадағы жұмыс балаларға жасырын жерлерді табуға көмектесті. Қатысушылардың айтуынша, тапсырмалар әр түрлі және өте қызықты болды.

Әрбір агенттің сынақтарынан өткеннен кейін қатысушылар әкімші оларды күткен бастапқы орнына оралды. Дөңгелек үстел аудиториясында жазушы Дмитрий Глуховскийдің шығармасы бойынша «Обещания» диктанты өткізілді.

«Бізге іс – шара өте ұнады, уақытымызды көңілді, әрі пайдамен өткізе алдық. Осындай шаралар қатысушыларды біріктіп, командада жұмыс істеуге үйретеді. Достық үйіне осы квесті ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.» – деп бөлісті квест қатысушылары.

Квест пен диктант қорытындысы бойынша алға «Қаракөз» командасы суырылып шығып, өзінің үздік командалық қасиеттерін дәлелдеді.

Іс-шара соңында қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Advertisements