ШЫМКЕНТ: Отбасы – бақыт мекені

143

Отбасы күніне орай, сіздерді Шымкент қаласында көпке үлгі-өнеге ерлі-зайыпты полиция қызметкерлерін таныстырғымыз келіп отыр. Полиция подполковнигі Мейіржан Тастемиров – Шымкент ҚПД Қаратау АПБ Тылды қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болса, жұбайы Айжан Сапарбаева – Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД ИЧ/11 мекемесінде бақылаушы.

Бұл жұптың құқық қорғау қызметіндегі ортақ еңбек өтілі 19 жылдан асады.
– Екеуміз де құқық қорғау органының қызметкері болғандықтан, отбасында қызметке қатысты қиындық не болмаса, қандай да бір түсініспеушілік туындамайды. Тиісінше, бір-бірімізді өте жақсы түсінеміз əрі барынша қолдап келеміз,- деді Айжан Еркерімбетқызы.
– Айжан ІІО қызметкері болғанымен, бірінші кезекте əйел адам жəне соны ешқашан ұмытқан емес. Мансабы мен үй шаруасын қатар алып жүре білетін мейірімді ана және аяулы жар, – деді жұбайының сөзін ағына жарылып жалғастырған Мейіржан.
Биыл отау құрғандарына 14 жыл толғалы отырған жанұя – Нұртас, Медина, Жарас және Аиша атты балаларды тәрбиелеп отыр. Жарасымды жұп отбасы құндылығын бірінші орынға қоюмен қатар, қызметтерінде де жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Сондай-ақ жауапкершілігі мол, қамқор əке мен аяулы ананың өнеге көрінісін өзгелер де көріп, үлгі алып келеді.

Ендеше, отбасы күні мерекесінде айрандай ұйыған осы және барша шаңыраққа зор денсаулық, қажымас қайрат жəне абыроймен атқарып жатқан еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер деп тілейміз.

Advertisements