Шымкенттік полицейлер қайырымдылық көмек көрсетті

165

Тәртіп сақшылары өздерінің үлкен жұмыс жүктемесіне қарамастан, уақыт тауып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуді назардан тыс қалдырмаған. Полиция қызметкерлері қашанда көпбалалы, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік апарып немесе қаржылай қолдау көрсетіп жатады.

Осындай кезекті қайырымдылық шарасын Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жасады. Полицейлер денсаулығына байланысты мүгедектікке шыққан ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерінің үйіне күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік апарды. Әріптестерін осыған дейін де қызмет ету барысында жақсы жетістіктерімен көзге түскенін айтып, білікті полиция қызметкері ретінде мақтан тұтатынын жеткізді.

Айта кететін жайт, осындай қайырымдылық іс-шаралары полиция қызметкерлері тарапынан жиі ұйымдастырылып жатыр. Себебі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, ізгілік көмек көрсету өздерінің азаматтық борышы деп біледі.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Advertisements