Шымкентке келетін туристерге меймандостық пен жайлылық көрсетіледі

122

Шымкентке келетін шетелдік қонақтардың дені көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қытай азаматтары. Оларды мұнда негізінен ас мәзірі, тарихи орындар мен Түркістан облыстарының тарихи орындары мен таулары қызықтырады екен. Қаладағы көрікті орындарды тамашалау, дәмі әралуан керемет асханасынан дәм тату мақсатында келетін туристер саны жыл санап артып келеді. Пандемияға дейін мегаполисте туристік әлеуетті жетілдіру бағытында бірнеше тың жобалар қолға алынған.

Шымкенттің оң имиджін қалыптастыру жолында бүгінге дейін ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қаланы туристік орталыққа айналдыруда әлі де көптеген жобалар қажет. Елбасы Н.Назарбаев Түркістанға келген кезекті сапарында 2025 жылға дейін еліміздің оңтүстік өңіріне келетін туристердің саны үш есеге өсетінін айтқан еді. Түркістан жаңа келбетімен көпшіліктің назарын өзіне аударып отыр. Рухани астанамызға келген туристерді шырайлы шаһарға да тартуымыз керек. Бір айта кетерлігі, Шымкенттің туристік маңызы зор, инфрақұрылымы дамыған. Әрі ол Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі орталық. Қаланың 500 шақырым радиусында шамамен 20 миллионға жуық адам тұрады. Осы орайда, Шымкент өзінің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірінің туризмі үшін тірек орталыққа айнала алады. Ақпараттық орталық Елбасының бұл айтылған сөзін челлендж ретінде қабыл алып, «қалай туристерді өзімізде ұстап қаламыз» деген сұрақтың жауабын іздеуге кірісті.

 

Advertisements