Шымкент : Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылым мәселесі шешіледі

115

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелерін жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгін Қаратау ауданы әкімі А.Аликулов, қалалық мәслихат депутаттары Т. Балтабаев, А.Алимбек, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысы Б. Булатюеков Қайнарбұлақ тұрғын алабы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында елді мекен халқын алаңдатып отырған сапалы инфрақұрылыммен қамту (ауыз су, табиғи газ, электр жарығы) мәселелері қозғалды. Осы орайда, тұрғындарға аудан әкімдігі мен құзырлы мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспардағы жобалар толығымен таныстырылды.

Елді мекенді ауыз су, табиғи газбен қамту жұмыстарының құрылысы 2021жылғы сәуір айында басталса, аяқталу мерзімі 2021жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Жұмыстарды жобалаушы мекеме «МПК-Проект» ЖШС.

Сонымен бірге, тұрғын алапты сапалы электр жарығымен қамту жұмыстары 2021жылдың маусымында бастау алған. Бас мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС. Құрылыс жұмыстарын 2022жылдың ІІ тоқсанына аяқтау көзделіп отыр.

Айта кетейік, Қайнарбұлақ тұрғын алабында бүгінде 6000-ға жуық халық тұрады.

Кездесу соңында тұрғындар аудан басшылығына, мәслихат депутаттары мен құзырлы мекеме басшыларына алғысын білдірді.

Advertisements