ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 94 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

198


Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының аумағында аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қалдықараев құрылысы жүріп жатқан алаңшалардың элементтерімен танысып, жұмыс сапасын бақылады. Сондай-ақ, жауапты мердігер мекемелерге жұмысты сапалы әрі уақтылы орындап, тұрғындар игілігіне өз мерзімінде пайдалануға беру қажеттігін ескертті.

Алаңшалардың құрылыс жұмыстары «Назар» ЖШС, «Азат Строй Сервис» ЖШС, «Алем Энерго Строй» ЖШС, «Барс» ЖШС мекемелері тарапынан жүргізілуде.

Қаратау ауданы аумағында жалпы 439 көпқабатты тұрғын үй 159 аулаға біріктірілген. Биыл 32 аулаға қосымша балалар ойын және спорт алаңшаларын салу жұмыстары жоспарланып, мемлекеттік акт алынды.

Сонымен қатар, Бозарық шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабына Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік акт алынып, осы аталған жерлерге демеушілер есебінен ашық спорт алаңшаларын салу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Жалпы Қаратау ауданы аумағында бүгінгі күнге дейін 94 балалар ойын алаңшасы абаттандырылса, алдағы уақытта шамамен 15-ке жуық ауланы абаттандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынатын болады.

Advertisements