ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕДІ?

140


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл міндеттемені жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік проблеманың бірі екенін айтып келетін қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл мәселені шешуді күн тәртібен түсірген емес.

Қала ауыз суды 5 су көзінен алады. Су қоры қажеттіліктен 3,5 есе көп. Биыл «Көмешбұлақ» магистралі іске қосылады. Нәтижесінде су жүйелері болмаған елді мекендердегі 60 мың тұрғынға ауыз су жеткізіледі. Жалпы, 250 мың халық тұтынатын ауыз су жүйелерінің сапасы артады.

Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 69-ы су құбырларымен қамтылған. 5 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі, 7 елді мекеннің тұрғындары ауыз суды тасымалдап ішеді.

Жыл соңына дейін 3 магистралді, 11 ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталады. Нәтижесінде су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін 9 елді мекенге ауыз су беріледі.

2022-23 жылдар аралығында тағы 3 магистраль мен 3 ірі елді мекенге су жүйелері жүргізіледі. Шымкент қаласы бойынша ауыз су мәселесі 2023 жылы толықтай шешіледі.

Advertisements