ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мыңбаев белсенді жастармен кездесті.
Жастар орталығында өткен басқосуда Нұр-Сұлтан қаласы отбасы демографиясы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі, кәсіби психолог Лимана Қойшиева, қаладағы жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Бекзат Толыбаев, даңқты спортшы Нұрболат Қуандықов және ауданның өзге белсенді жастар қатысты.
Аудан әкімі мемлекетімізде жастарға арналған бағдарламалар мен тың жобалар жайлы сөз қозғады.
–Еліміздің болашағы өздеріңізсіздер. Қазақстанның болашаққа барар жолы сіздердің даму деңгейлеріңізге, ұмтылыстарыңызға және қоғамдық өмірге араласу дәрежесіне тікелей байланысты. Әл-Фараби ауданында халық саны шамамен 207 мың адамды құраса, оның 43 459-ы жастар (19,7%). Бүгінде ауданымызда жастармен бірлесе «Таза қала», «BIZBIRGEMIZ: TAZAALEM» акцияларын өткіздік. Алда талай жобаларды бірге қолға аламыз. Жақсы идеяларыңыз, тың жобаларыңыз болса менің есігім сіздер үшін әрдайым ашық. Кез-келген уақытта кездесіп, жаңа бастамаларды қолдауға дайынмын,-деді Рашид Мамытұлы.
Жиын барысында жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен суицит, жұмыспен қамту және жастардың спорт деңгейін дамыту жайында талқыланды. Жастар өздері қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.