ШЫМКЕНТТІҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ӘЗІРЛЕНДІ

167

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы жаңа форматта әзірленді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов мәлім етті.
Оның айтуынша, аталған құжат елдің жоғары тұрған Стратегиялық құжаттарда айқындалған басымдықтарды өңірлерде іске асыру мақсатында әзірленеді.
«Бағдарлама жобасын әзірлеу барысында қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп, қаладағы негізгі проблемалар мен даму бағыттары анықталды. Тұрғындардың көпшілігі қаланың инженерлік-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, қаланы абаттандыру, тұрғын үймен қамту және экологиялық жай-күйін жақсартудың қажеттігін атап өтті. Бұл ұсыныстар бағдарлама жобасына енгізілді»,-деді басқарма басшысы.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 5 жылдық кезеңге арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу мен қаланың бюджетіне түсетін түсімдерді болжау жасалады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements