ШЫМКЕНТ: Шалғай елді мекендердің инфрақұрылым жүйесін ретке келтіру жөнінде кездеу өтті

78

Шалғай елді мекендердің инфрақұрылым жүйесін ретке келтіру жөніндегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабының Тассай бөлімшесінде Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов, Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғ.Илясов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ж.Таңатарова, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов, Шымкент қалалық көлік бақылау инспекциясының мамандары және жергілікті тұрғындардың қатысуымен кездесу өткізілді.

Аталған кездесу барысында жол, табиғи газ, ауыз су және т.б. өзекті мәселелер көтерілді. Жиынға қатысушы әрбір сала өкілдері өзекті мәселелердің мән-жайымен толықтай танысты.
Сала мамандары ағымдағы жылдың қыркүйек айында орталық КХ-39 автожолы арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті.

Сонымен бірге, аумақтағы ішкі орамдық көшелерге инженерлік коммуникациялар толығымен жүргізілген соң, орташа жөндеу жүргізілетіндігі жөнінде тұрғындарды хабардар етті. Кездесу қорытындысында тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, көлік инспекциясы мамандары КХ-39 автожолына ауыр салмақты автокөліктерді нормадан тыс салмақпен жүруін қадағалау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізетін болды.

 

Advertisements