ШЫМКЕНТ: Бас жоспарына сәйкес қаланың дамуы солтүстік бағытта жүргізілуде

101

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Архабаев 2021 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, қаланың дамуы солтүстік бағытта жүргізілуде. Атап айтқанда, Әкімшілік-іскерлік орталығы (ӘІО) аумағы – 282 га, әкімшілік, көпсалалы мәдени, оқу-ағарту және басқа да халыққа қызмет көрсету ғимараттары, көпқабатты тұрғын құрылыс нысандары салынып, игерілуі толық аяқталуда.
Сонымен қатар, қаланың солтүстік-батыс бөлігінде аумағы 420 га «Шымкент-Сити» шағынауданы 70 мыңға таяу тұрғынды қамтитын болады. Мұнда 7 мектеп, 21 бала-бақша, 2 емхана және көпқабатты тұрғын үйлер мен бизнес орталықтарының ғимараттарын салу жоспарланған.
Бүгінгі таңда аумаққа инфрақұрылым жүргізіліп, құрылыс нысандары салынуда.

Сонымен қатар, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде Тұран шағынауданында тұрғын үйлер аумағына инфрақұрылым жүйелері жобалары жасақталып, инженерлік жүйелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда қала аумағында құрылыстардың қарқынды дамуы, ивестициялық жобалардың көптеп тартылуына байланысты алдағы уақытқа құрылыс алдаңдарын дайындау қажеттілігі туындауда. Сол себепті алдағы уақытта көпқабатты тұғын үйлер жоспарланған аумақтарға тиісті жұмыстар (инфрақұрылым жүйелерін тарту, жер телімдерін мемлекетке қайтару және т.б.) жүргізу қажет.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының Бас жоспар жобасын жасақтау ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы қаулысына сәйкес ұйымдастырылды.

Шымкент қаласының Бас жоспар жобасын әзірлеуге Вэб-порталға хабарландыру жарияланып, 6 әлеуетті өнім берушілердің арасынан «Градкомплекс» ЖШС жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда «Градкомплекс» ЖШС-мен Шымкент қаласының Бас жоспарының тұжырымдамасына сәйкес, қаланы дамытудың перспективалы бағыты мен аумақтық өсу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Advertisements