ШЫМКЕНТ: 2 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек сақтау қоймасын салу жоспарлануды

122

Шымкент қаласында көкөніс сақтайтын қойма салу жоспарланып отыр. Оны кәсіпкер өз есебінен жүзеге асырмақ. Өткен аптада өткен инвестициялық штабтың отырысында жобаның таныстырылымы өтіп, өзекті мәселелері талқыланды.

Жоба ұсынушы «КЕРЕМЕТ-САПА» ЖШС жетекшісі қоймада 2 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек сақтауға болады дейді. Қойма тауарлардың ұзақ уақыт балғын күйде сақталуын қамтамасыз етеді.

Жоба құны – 500 млн теңге. Жоба жүзеге асқан уақытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қала әкіміне инвестор қойманы салу үшін 1 гектар жер телімі қажеттілігі туындап отырғанын айтып, көмек берілуін сұрады. Шаһар басшысы аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына инфрақұрылымы дайын аумақтан жер телімін беру туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, қаладағы «KARLSKRONA FD IC» ЖШС зауытында көкөніс-бақша дақылдарының көшеттерін өңделген және ашық топыраққа отырғызу бойынша аспалы екі қатарлы көшет отырғызу машинасының конструкциясын енгізу және көбейту жобасы іске асырылуда. Онда отандық рпм-2kz үлгісі қолданылып жатыр.

Advertisements