ШЫМКЕНТ: Республика даңғылын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталуға жақын
Шымкент қаласындағы маңызды көшелердің бірі – Республика даңғылы.
Республика даңғылы – көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге алаптармен біріктіретіндіктен қаламыздың басты магистралды көшелерінің бірі болып табылады.
Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2021жж аралығына жоспарланған.
Шымкент қаласының оңтүстік қақпасына саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке-А» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Арман Строй Холдинг» ЖШС-гі.
Республика даңғылының жалпы ұзындығы төрт жолақты 5,3 шақырымды құрайды, ал жолдың ені 28 метрді құрайды. Көшенің бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, ал екінші жағына лоток орнатылуда және ені 2,25м жаяу жүргінші жолу салынған. Құбыр үстінен Б.Момышұлы көшесінен жер асты өткеліне («Колос» аялдамасына) дейін веложол қарастырылған, асфальт арқылы лотокқа баратындай етіп төселген.
Бұл жүйе бұған дейін А.Байтұрсынов көшесінде тексеріліп жасалған. Жолдың төменгі, түзету жолы қалыңдығы 9см, ал асфалт бетонның беткі қабаты 5см құрайды.
Жұмыстарды 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.