ШЫМКЕНТ: Рысқұлов көшесіндегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

117


Шымкент қаласындағы маңызды нысандардың бірі – Т.Рысқұлов көшесі.
Т.Рысқұлов көшесі – көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге елдімекендермен біріктіретіндіктен басты магистралды көшелердің бірі болып табылады.
Т.Рысқұлов көшесіндегі (Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған. Мегаполистің маңызды көшесі саналатын бұл жолдың құрылыс жұмыстары «Шымкент Дор Строй» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Шымкент Күрделі Құрылыс» ЖШС-гі.
Көшенің жалпы ұзындығы төрт жолақты 4,1 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 7см, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5см құрайды.
Құрылыс жұмыстарын толығымен жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы бойынша 71 көше, яғни 49,8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым, Абай ауданы бойынша 9,1 шақырым, Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша жалпы ұзындығы 21,9 шақырым 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ішкі орам көшелері бойынша жалпы 151 көше, 180,4 шақырым жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда 66 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Advertisements