ШЫМКЕНТ: «Бозарық» қосалқы станциясында қажетті техникалар орнатылды

128

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында «Бозарық» қосалқы станциясына да барды. Шаһарда энергетика саласын дамыту бағытында салынып жатқан 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды.

Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.

Бүгінде нысанға қажетті басты құрал-жабдықтар толығымын жеткізілген. Бірқатар құрал-жабдықтар — 220 кВ  автотрансформатор, 220 кВ  КРУЭ, 110 кВ КРУЭ орнатылды. Қазіргі уақытта жұмыстың 99 пайызы аяқталған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016-2021 жылдары жүзеге асыруды жоспарлаған мердігер мекеме басшылары құрылысты биыл тамыз айында іске қосамыз деп отыр.

Шымкент қаласында қазіргі уақытта 81 елдімекеннің 40-ы табиғи газбен толық, 33 елдімекен жартылай қамтылған. Ал 8 елдімекен — Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле 276 орам елдімекендері газбен қамтуды қажет етеді.

Мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов техникалардың сапалы орналастырылғанына көз жеткізіп, құрылысты жоспарға сай мерзімінде аяқтау керектігін айтты.

Advertisements