Шымкентте биыл жаңа 12 бағдаршам орнатылады

114

Қалада тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар шаруалар қолға алынған. Жаңадан бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Биыл осы мақсатта қалада жалпы 12 бағдаршам орнату  мен 12 белсенді жаяу жолаушылар өткелін салу жоспарланған.

Бүгінде аталған бағдаршамның төртеуі орнатылды.  Қалған 8 бағдаршам жыл соңына дейін орнатылатын болады. Бұдан бөлек, 12 белсенді жаяу жолаушылар өткелінің үшеуі орнатылды, ал жыл соңына дейін 9 белсенді жаяу жолаушылар өткелі салынады.

Айта кетейік, 2020 жылы Шымкент қаласының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны 15  бағдаршам орнатылған болатын. Осы аталған жұмыстар негізінде қала аумағындағы жол апаты саны азайды.

Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған түрлі жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл бойынша қала тұрғындары Шымкент қаласының ситуациялық орталығына хабарласын шағым қалдыра алады.

Advertisements