ШЫМКЕНТ: Тұран шағын ауданында электр энергиясын тарату бекетінің құрылысы жүргізілуде

100

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы жарықтандыру жүйелерінің және №7 электр энергиясын тарату бекетінің құрылыс барысымен танысты.

Тұран шағын ауданын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Әсем Құрылыс» ЖШС тарапынан екі кезеңнен тұратын жобалау сметалық құжаттамасы әзірленді. 1-кезең – 10 кВ магистралдық желілер болса,  2-кезең – 0,4 кВ ішкі электр желілері құрылысы.

Бірінші кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілері және электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен қаржы қаралған. Құрылысты биыл аяқтау жоспарда.

Ал екінші кезең бойынша 0,4 кВ ішкі электр желілерінің  құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады. Жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу 2021-2022 жылдарға жоспарланған.

Бұдан бөлек, шілде айында қосалқы стансаның құрылысы аяқталып,  Асар-2 елді мекенін тұрақты электр көзіне қосу жұмыстары 1 тамызға дейін толық аяқталады деп күтілуде. Жобаға сәйкес 2 765 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Ал, алдағы айдың басында қала дамуы үшін аса маңызды жоба – Бозарық қосалқы стансасының құрылысы аяқталады.

 

Advertisements