М.Әйтенов: “Шымкенттегі тұрғын үй құрылысы 2 есеге артты”

122

«Мемлекет басшысы баспана мәселесін азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатымен тікелей байланысты екенін атап өткен болатын. Биыл өзімізге бір миллион шаршы метр тұрғын үй саламыз деп міндет алдық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық» — дейді Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов.

Қазіргі таңда Шымкентте жеке салушылар есебінен 8639 пәтерлі 178 көпқабатты тұрғын үй, бюджет есебінен 5912 пәтерлі 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Құрылыс жұмыстары алғашқы 5 айда 28 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 115,3 пайызға өскен.

Қалалық орта сапасы және бақылау, құрылыс басқармаларының жауапты мамандары мердігер мекемелердің қатысуымен «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларындағы» бекітілген ережеге сәйкес жедел сатыларға комиссиялық сынақ жүргізіп, тіркеуге алу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі таңда құрылысы аяқталып пайдалануға берілетін 21 тұрғын үйде орналасқан 42 жедел сатыға сынақ жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету реестріне енгізіліп электронды түрде тіркелді.

Advertisements