ШЫМКЕНТ: Мемлекеттің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуде

100

Шымкенттік  көп балалы ана Сейітханова Гүлнұр «Қасиетті жол» оңалту орталығында саз балшық терапиясы арқылы  4 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу ісімен айналысып жүр.

Гүлнұр Сейітханқызы былтырғы жылы  «Бастау бизнес» жобасы аясында 21 күндік оқу курсына қатысып, «Саз балшық ісі» бойынша мемлекеттік грантқа құжат тапсырған болатын. Нәтижесінде жобасы оң нәтижесін алып, 555 650 тг көлемінде қаржыға қол жеткізді. Қаражатқа кәсібін дамытуға арналған керекті құрал-жабдықтарын алды. Қазіргі таңда саз балшық  арқылы емдеу әдісімен мүгедек балалардың  түзеліп кетуіне біршама үлесін қосып отыр. Сондай-ақ, саз балшықтан қыш құмыралар да жасайды

-Арт-терапияның көмегімен адам өз сезімдерін терең түсінуге үйренеді. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандардың  әлеуметтік ортаға тез бейімделіп, кіріп кетуіне бағыт-бағдар беріп отырады. Және креативтілік адам бойында сенімділікті оятып, оның қалыптасуына негіз болады, – деді  Гүлнұр Сейітханқызы.

Айта кетейік,  саз балшық терапиясы психотерапияның маңызды салаларының бірі – арт-терапия саласына жатады.  Сондай-ақ, арт- терапевт аптасына бір рет «Шаңырақ» отбасы институтында мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік  жағдайы төмен отбасының  балаларына ақысыз сабақ өткізеді.

Advertisements