ШЫМКЕНТ: Жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін 72 мектеп бой көтереді

114

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов бекіткен жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін қалада72 мектеп бой көтереді. Биылдың өзінде 32 мектеп құрылысы жүргізіліп, жыл соңында 10 222 орынға арналған 20 мектеп пайдалануға берілгелі отыр.

Салаға жауаптылар  Сайрам шағынауданындағы 300 орындық мектептің құрылысын да көзбен көрді. Құрылысшыларға өндірістік кестеден кешікпей, білім ғимаратын 1-тамызға дейін  тапсыру қажеттігін ескертті. Сондай-ақ,  Сайрам тұрғын алабындағы «Яссауи» жекеменшік мектебінің  ғимаратын да аралады. Бұл аумақтағы мемлекеттік екі білім ошағында да бала саны  шамадан артып кеткен. Үш ауысымды оқыту  қаупін алдын алу үшін заманауи талапқа сай бой көтерген осынау 475 орындық жекеменшік мектепті жаңа оқу жылына іске қосу жоспары тұр.

Жалпы, Шымкент қаласында жылдан-жылға халықтың демографиялық өсімі байқалуда. Сәйкесінше білім нысандарына деген сұраныс артып келеді. Осы ретте, еліміздегі жеке инвесторлардың есебінен салынып жатқан мектептер саны бойынша бүгінде Шымкент көш бастап тұр.

-Қазіргі таңда, қаламызда үш ауысымда 14 мектеп бар және 21 мектептің бала толымдылығы шамадан артып, үш ауысымдық оқуға ауысу қаупі туындап отыр. Биылғы ел игілігіне берілетін мектеп құрылыстарының нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азаяды. Жалпы үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу 2023 жылға жоспарлануда», — деді басқарма басшысы Жанат Тәжиева.

Advertisements