Шымкентте асыл тұқымды мал басын көбейтіп отырған қожалық егесі өз жоспарларымен бөлісті

116

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы шахардағы  мал шаруашылығын дамытуды қолға алған бірқатар нысандарды аралап, олардың жұмыс барысын қадағалап тұрады.

Ең алдымен Абай ауданы, Ынтымақ елді мекенінде орналасқан «Корно-1» өндірістік кооперативінің асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығының жұмысы назарға алынды.

Айта кетейік, бұл шаруашылықтың жалпы аумағы 130 гектарды құрайды, оның ішінде 40 гектары жайылым, ал қалған аумағында егістік және қоражайы орналасқан.

Осы жылы шаруашылық Өскемен қаласынан асыл тұқымды сүтті-етті бағыттағы «Симменталь» ірі қара малының 50 басын сатып алып келген болаты. Бүгінде сол сатып алған мал басының 32-сі төлдеген.

Бұл шаруашылық алдағы уақытта мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдаулардытиімді  пайдалана отырып асыл тұқымды мал басын көбейтуді және қала тұрғындарын сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Жалпы Мал өнімділігін арттырудың тиімді жолы — төлдерінің сапасы бойынша тексерілген, жақсартушы бұқалардың ұрықтарын сақтау және кеңінен қолдану. Сондықтан Сиыр өсіруде бастысы бағалы қасиеттерін төлдеріне тұрақты бере алатын тұқымжақсартушы бұқалар алу және өсіру жұмыстарын жолға қою болып табылады.

Advertisements