Әлия Мейірова – 16 жылдық тәжірибесі бар білікті маман

122

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» екі бағытта қызмет атқарады. Олар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар мен жалғызілікті қарттарға жартылай стационарлық жағдайда және үйде қызмет көрсетеді.

Орталықтың әлеуметтік қызметкерлері күн сайын балалар мен үй қызметіндегі қарттарға демеуші болып, барынша жағдай жасап, қамқорлық танытып келеді. Сондай жандардың бірі әлеуметтік – педагогикалық қызмет бойынша дефектолог – логопед Әлия Мейірова.

2 баланың анасы Әлия Жолшыбекқызының жалпы жұмыс өтілі 18 жыл, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар балалармен 16 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Қызмет алушы балалармен тіл қимылын жақсарту, жұтқыншақ, шайнау процесін жақсартуға арналған емдік массаждар сонымен қатар, дыбыс шығару, дыбыспен жұмыс барысында айна алдында және ұсақ қол маторикасын дамыту жұмыстарын жүргізеді.

«Балалармен жұмыс жасауда ең алдымен тіл табыса білу керек, олардың дыбыстарды дұрыс шығарып жұтқыншақтың жұтыну жұмысын жақсарту мақсатында күш саламын»-дейді маман.

Айта кетейік, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 36 823, ал дерттері жас талғамайтын 18-жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны – 6391.

Advertisements