ШЫМКЕНТ: Мобильді байланыс операторының қызметіне көңіліңіз толмаса шағымдана аласыз
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы Е.Тоқтағұлов қала аумағындағы интернет желісінің сапасын талдау мен дамыту жөнінде БАҚ өкілдеріне брифинг берді.
Брифингте, Егер өз мобильді байланыс операторыңыздың қызметіне көңіліңіз толмаса, Шымкент қаласы М.Х. Дулати көшесі 3, 3 қабат, 19а кабинетіне келіп немесе 540100, 534952 телефон нөміріне хабарласып Шымкент қаласы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясына өтініш қалдыра алатынын жеткізді.
Қалдырылған өтінішіңіз бойынша мобильді байланыс операторларының кызмет көрсету сапасына тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тексеріс нәтижесінде мобильді байланыс операторларымен көрсетілетін қызмет сапасы артатыны айқындалды.
Бұдан бөлек, қала аумағындағы интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оптика тарту жұмыстары қолға алынуда. «Digital Elements» ЖШС тарапынан қала аумағындағы Көкбұлақ, Тассай, Таскен тұрғын алаптарындағы 4 көшеге (400 үйге) кабел жүргізілді.
Ал «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық шағынауданына талшықты оптика желісі толық (100%) жүргізіліп, 200-ден астам үй өтініш беру арқылы жоғары жылдамдықты сапалы интернетке қосылған. Жеке инвестор «Fishnet» ЖШС-мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде инвестор есебінен 2021-2023 жылдары шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуға 1 млрд теңге қаржы қарастырылатын болады. Нәтижесінде 80 000 үй сапалы интернет желісімен қамтылады. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан интернетпен қамтуға қажетті құрал жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталды.