ШЫМКЕНТ: Ескірген аялдамаларды жаңарту жұмысы жалғасуда
Шымкент қаласында 1886 аялдама орны бар. Ескірген аялдамалар орнына биыл жаңа үлгідегі 250 аялдама орнату көзделген болатын. Бүгінде оның 138-і қойылды.
Атап айтқанда, Сырым батыр – 17, Өтегенов -12, Бәйтереков – 2, Байтұрсынов -3, Назарбаев – 2, Айбергенов -2, Аймауытов – 10, Ақназар хан – 7, Сайрам-10, Момышұлы-9, Тәуке хан – 7, Қазыбек би -12, Елшибек батыр – 6, Жолан батыр -2, Позиков -2, Қазиев – 3, Төле би – 2, Уалиханов – 6, Иляев – 4, Әл-Фараби көшесіне 20 аялдама орнатылды. Қалған аялдамаларды орнату жұмыстары жалғасуда.
Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығымен қалада 65 аялдама орнатылады. Оның бүгінде 43 данасы толығымен аяқталды. Ал ауыстырылған ескі үлгідегі аялдамалар қаланың шалғай елді мекендеріне орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, қала орталығынан шыққан 170 ескі аялдаманың 60%- жарамсыз, ал 40%-ы шалғай аудандардағы бос орындарға орнатуға жарайды. Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде, 2025 жылы қала аялдама павильонымен толық қамтамасыз етілетін болады.
Шымкент қаласында бүгінгі таңда 182 нысан немесе 311,3 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Жыл соңына дейін 169 нысан (270,3 шақырым) пайдалануға беріледі.
Шымкент қаласы бойынша 71 көше, яғни 49,8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Қаратау ауданы бойынша 15,4 шақырым, Абай ауданы бойынша 9,1 шақырым, Еңбекші ауданы бойынша 9,1 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді.