ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданына қарасты 5 мазаратта тазалық жұмыстары жүргізілді

80

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты орындарына тұрақты түрде санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілуде деп, хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні Әл-Фараби ауданына қарасты 5 мазарат бар. Олар Сауле, Ақтас, Ақтас-2 шағын аудандарында, 275 орам және Текесу тұрғын алабында орналасқан.

Мазарат маңының қураған шөптерін ору, сынған, қураған ағаштарын бұтау жұмыстары кестеге сай атқарылып келеді. Сондай-ақ, аталған мазараттарда қоқыс шығару, қоршауларын ретке келтіру жұмыстары қатар жүргізілуде. Оған мекеме тарапынан 10 техника, 30 адам жұмылдырылған.

Ауданда орналасқан мұсылман мазараттарының күтіп-баптауына жауапты «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы тұрақты түрде аптасына 2 рет тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады.

Санитарлық тазалау барысында ауладағы қоқыс алаңшалары мен контейнерлер алдымен сұйық сабынмен жуылып, артынан таза сумен шайылды. Сондай-ақ аптап ыстықта зиянды жәндіктер мен шыбын-шіркейлердің жоламауы үшін хлор себілді. Мұндай залалсыздандыру жұмыстары ары қарай жалғасын таба береді.  Әл-Фараби ауданына қарасты Республика даңғылы, Жангелдин, 8-ші наурыз көшелерінде және Қарасу шағынауданында қоқыс алаңшаларын сұйық сабынмен жуу жұмыстары жалғасын тапты.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 192 қоқыс алаңшасы және 749 қоқыс контейнері бар. Бүгінде аудан аумағындағы ескі контейнерлерді санау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жаңа контейнерлер қойылатын болады.

 

Advertisements