ШЫМКЕНТ: Бадам -195 орам тұрғындары үшін жақын уақытта көгілдір отын қол жетімді болады

127

Қала әкімінің тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Оның бірі – қала халқын мүмкіндігінше газбен қамту. Бүгінде бұл кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Сондықтан қалада жүйелі жұмыстар атқарылып, газбен қамтылмаған елді мекендер кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді.

Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындары үшін жақын уақытта көгілдір отын қол жетімді болады.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына орай Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2020 жылы құрылыс жұмысы басталған болатын. Алталмыш құрылыс жұмысын «КОМБИ-СТРОЙ-1» ЖШС мердігер мекеме тарапынан жүргізілді. Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, бүгінде құрылыс жұмыстары 100 % аяқталып отыр.

Қазіргі таңда атқарылған жұмыс бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі түзіліп жатыр. Құжаттар қыркүйек айының соңында толығымен аяқталып, нәтижесінде Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам-195 орамдағы 4140 тұрғын қазан айынан бастап табиғи газбен қамтылатын болады.
Айта кетейік, 2025 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Advertisements