ЖОЛДАУ: Ендігі мәселе – Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау

113

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының алдағы кезеңіне жаңа бағыт-бағдар береді. Президент осынау маңызды құжатта өте өзекті мәселелерге тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Әрдайым күн тәртібінен түспейтін әлеуметтік ахуалды атап өтті.

Ендігі мәселе – Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау. Жауапты органдар мен басшылар нақты іс-шаралар жоспарын түзіп, жүзеге асыруы тиіс деп санаймын. Ал қарапайым халық, ел азаматтары осы тапсырмалардың орындалу барысын бақылауы керек. Бұл тұста біздер – азаматтық қоғам өкілдері де атсалысамыз.
Әсіресе, бағаның қымбаттауымен күресу маңызды. Бұл бағыттағы нақты іс-әрекеттің бірі – ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайту да сеп болады деп сенеміз. Оған қоса шағын және орта кәсіпкерлікке көрсетілер қолдау да маңызды. Себебі, ел әл-ауқаты негізінен осы кәсіпкерлікпен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік дамыса, жұмысы жүйеге қойылса – халықтың әл-ауқаты да біршама жақсарады. Әсіресе, пандемия кезінде іскер азаматтарға қиын тиюде. Дегенмен, бір елдің ғана емес, бүкіл адамзаттың басына төнген нәубеттің беті қайтып, жақсы күндер де келер деген үміт жоғалмауы тиіс. Біріксек – күш боламыз!

Жұмағали БІЛІСБЕКОВ,

«Шымкент қалалық Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестінің төрағасы

Advertisements