ШЫМКЕНТ: Тұрғындардың қатысуымен абаттандыру бойынша 66 жоба іске асырылуда

68

Мемлекет басшысы абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта «Халық қатысатын бюджеттің» үлесін 10 есе арттыруды тапсырды.

Шымкент қаласында бұл жоба биылдан бастап жүзеге асып, тиімділігін көрсетті. Бюджет жоспары бастапқы 287 млн теңгеден 1,5 млрд теңгеге жуық артып, бес есе өсті. Тұрғындардың қатысуымен абаттандыру бойынша 66 жоба іріктеліп, іске асырылуда.

“Келесі жылы жобаға қаралатын қаржыны 10 есе ұлғайтып, 3 млрд. теңгеге жеткізілмек. Аудан әкімдіктері осы айдан бастап тұрғындардан ұсыныстар жинақтап, іріктейді”, – деді қала басшысы.

Ашықтық пен жариялыққа негізделген «Халық қатысатын бюджет» – билікті бұқараға барынша жақындатудың тиімді құралы. Жоба қаланың коммуналдық шаруашылығында да кеңінен енгізілетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына бағытталған қаржы 2 есе ұлғайып, 7 млрд. теңгеге жетті. Бір мыңнан астам жобаға 3 млрд теңгеге жуық қолдау көрсетілді. Экономиканың қозғаушы күші шағын және орта бизнес екені мәлім. Қаламызда 69 мыңнан аса кәсіпкерлік субъектілерінде 161 мың адам жұмыспен камтылган .

Жеңіл өнеркәсіпте 220 өндіріс орындары жұмыс істеп, еліміз бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 21 пайыздан астамын Шымкент кәсіпорындары шығарады. Биыл осы өндіріс орындарымен 16 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Алдағы бес жылда кәсіпкерлік субъектілердің өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға жеткізу жоспарланып, қосымша 190 мың жұмыс орындарын ашу көзделген.

Advertisements