ШЫМКЕНТ: Наурыз шағын ауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту құрылысы қарқынды жүруде

108

Шымкент қаласының аумағы ұлғайып, шалғай елдімекендер әлі кәріз жүйесіне қосылмаған. Нақтырақ айтар болсақ, қаладағы 81 шағынауданның 18-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 63 шағынаудан қамтылмаған.

Қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында қазір 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. 3 магистралды кәріз коллекторының және 10 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар: Самал — 1,2,3, Достық, Асар-2, Тассай, Мирас, Шапағат, Ұлағат, Наурыз және Солтүстік-Шығыс шағынаудандары.

Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Наурыз шағын ауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту құрылысы қарқынды жүруде.

Құрылыс жұмысы осы жылдың маусым айында мердігер мекеме «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС тарапынан басталған. Жоба бойынша, ұзындығы 15 шақырым ішкі орамдық жүйелер тартылатын болады. Қазіргі уақытта 4 шақырым кәріз жүйесі орнатылды.
Құрылыс жұмысы толығымен биылғы жылдың қараша айында аяқталады. Нәтижесінде, Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын қолданыстағы диаметрі 1200 мм. коллекторға қосылатын болады.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Advertisements