ШЫМКЕНТ: Депутаттар мониторинг жұмыстарын жүргізді

104

Мониторинг жұмыстары қаламыздағы төрт аудан бойынша толығымен атқарылды. Естеріңізге сала кетейік бүгінге дейін Қаратау және Еңбекші аудандар бойынша комиссия төрағалары мен депутаттар аудан әкімдерінің жыл басынан бері атқарған жұмыстарына мониторинг жасаған болатын. Айтылған аудандар бойынша депутаттар біршама кемшіліктерді анықтап, алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жасап назарға алды.

Ал қазіргі уақытта осы тұрғыда халық қалаулылары Абай ауданы бойынша Анарбеков Нұрпейіс, Алимбек Аслан, Қозбахов Шыңғыс, Төлегенов Ноян жылыту қазандықтары мен су сорғы станцияларын жіті бақылап, алдағы жылыту маусымына дайын болуын қаперлеріне салды.

Сонымен қатар Әл-Фараби ауданы бойынша комиссияның жетекшісі Исабеков Данабек пен Джұмақұлова Айгерім, Сүлейменов Қайрат аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандырылуына назар аударып, қысқы маусымға дайындық жұмыстарымен танысты.

Осылайша арнай топ жұмыс сапары барысында барлық аудандар бойынша қырыққа жуық нысандарды аралады.

Бүгінгі таңға дейін аудан Әкімдерінің атқарып жатқан жұмыстарын егжей тегжейлі қарап шыққан депутаттар, тұрақты комиссиялар отырысында қайта талқыланып, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде болатын кезекті тоғызыншы сессияның күн тәртібіне енгізу үшін шешім жобасын ұсынатын болады.

Advertisements