Шаһарымызда түрлі нысандар ел игілігіне берілуде

122

30- тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 26 жыл толды. Осыған орай шаһарымызда түрлі нысандар ел игілігіне берілуде. Соның бірі – Шымкенттегі Бозарық қосалқы станциясы.

Салтанаты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, басқарма басшылығы мен энергетика саласының ардагерлері қатысты.
– Баршаңызды 30 тамыз –Конституция күнімен құттықтаймын! Осы мереке күні Бозарық қосалқы станциясын іске қосқалы отырмыз. Шаһар инфрақұрылымы үшін маңызды нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Осылайша қаладағы электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін алдағы уақытта толық шешеміз. Ел қуаты артып, Шымкент қаласы дами берсін! – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қала әкімі бұдан кейін арнайы тетікті басып, қосалқы станцияның жұмысын іске қосты.
Айта кетейік, алдағы уақытта бұл электр станциясына «Нұрсәт», «Астана-1», «Астана-2», «1-М-1» және «Ынтымақ» секілді 5 қосалқы станция қосылып, электр энергиясын алады.

Нәтижесінде қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити мен Достық және Нұрсәт, барлығы 10 шағынаудандағы 250 мыңға жуық тұрғынды сапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік туады.

Advertisements