ШЫМКЕНТ: Мәжіліс депутаты «Оңтүстік» АЭА басшылығымен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы Еңбекші ауданында орналасқан «Оңтүстік» АЭА-да кездесу өткізіп, мекемелердің жұмысымен танысты.
Аймақтың негізгі мақсаты – текстиль өндірісін дамыту мен оның бәсекеге қабілеттігін жоғарылату, отандық мақтаны тұтыну көлемін арттыру мен жоғары құнды дайын текстиль өнімдерін шығару.
“Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағының инвестициялық портфелінің жалпы құны 98,64 млрд теңге болатын 48 жобадан тұрады, олар 4354 жұмыс орнын құруды көздейді. Оның ішінде 2408 жұмыс орнын құрумен жалпы инвестиция сомасы 53,95 млрд теңгеге 26 жоба іске асырылды. “Оңтүстік” АЭА қатысушы кәсіпорындары 2010 жылдан бастап 2021 жылдың І жарты жылдығы аралығында өндірген өнім көлемі 88,47 млрд теңгені құрады және 51,1 млрд теңге сомасына осы өнімнің жартысынан көбі жақын және алыс шетелдердің 22 еліне экспортталды. “Оңтүстік” АЭА жұмыс істеуінің барлық кезеңінде бюджетке салық және әлеуметтік аударымдар 5,9 млрд теңгені құрады.
Кездесу барысында аймақ басшылығы тарапынан атқарылған жұмыстар және болашақ жобалар таныстырылды. Және текстильді кластерді болашақта дамытудың актуальді мәселесі талқыланды.
Мәжіліс депутаты тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.