ШЫМКЕНТ: Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

84

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасының орынбасары Хайрулла Сәрсенов ашып, жүргізді.

Отырысқа «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов, Шымкент қаласы бойынша «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Жұмағали Білісбеков, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылары мен қалалық және аудандық филиалдар жанындағы Партиялық бақылау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер талқыланды.

1. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 2021 жылдың 7 айында атқарған жұмысы, сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасының қала көлемінде орындалуы туралы;

2. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2021 жылдың 7 айында атқарған жұмысы туралы.

Тиісті мекеме басшыларының есебі тыңдалып, қорытындысы бойынша комиссия мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар берілді.

Advertisements