Шымкенттік жастар жолдауды қолдайды

113

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Жиында “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева жолдауда айтылған нақты басымдықтарға жеке-жеке тоқталып, сайлауалды бағдарламалармен байланыстыра жүйелі жұмыс істеу қажеттігін түсіндірді. Президент белгілеген міндетті жүзеге асыруда жастардың қолдауы маңызды екенін тілге тиек етіп, бірлесе атқаратын істің нәтижесін көрсетуге шақырды.

Сонымен қатар аталған тақырып аясында Шымкент қаласы мәслихат депутаты, фракция мүшесі Балтабаев Талғат Дуйсебайұлы және «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Исахов Мағжан Шыңғысұлының баяндамалары тыңдалды.

Әлеуметтік және қолжетімді тұрғын үй құрылысы саласындағы республикалық және өңірлік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөніндегі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың – партия мүшелерінің қызметі талқыланды.

Advertisements