Шымкент қаласында1099 азаматқа қандас мәртебесі берілді
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласына жыл басынан бері көшіп келген 798 отбасындағы 1099 азаматқа қандас мәртебесі берілді. Елге оралғандардың көпшілігі Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай және Ресей елінен көшіп келіп, қаланың әр ауданына қоныстанып отыр.
Айта кетерлігі, жұмысқа орналасып, баспана салып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған қандастар да жоқ емес. Соның бірі «Дәнекерлеу ісі» кіші кәсіптік мамандығы тәмамдаған Мырзахметов Мадияр есімді қандасқа бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, орталық мамандарының көмегімен елге бейімделуі қарқынды жүріп, ҚР азаматтығын алып, өз еңбексүйгіштігінің арқасында, Құрсай елді мекенінен үй тұрғызып, баспаналы болды.