Шымкент қаласында Оңтүстік айналма жолының құрылысы жүргізілуде
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты. Аралау барысында әкім жұмыстың сапасына назар аударды. Сонымен бірге, мердігер мекемеге жұмыста қолданылатын құрылыс материалдары, қазақстандық өнім болуы қажет екенін ескертті.
Құрылысы салынып жатқан екі жолақты жолдың ұзындығы 16 шақырым болса, көшенің ені 15 метрді құрайды. Жол құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты алады.
Шымкент қаласында Оңтүстік айналма жолының құрылысы жүргізілуде (Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін).
Жалпы 16 шақырымның 3 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары қолға алынған. Қазір көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.