ШЫМКЕНТ: «Зағиптарға кітап сыйла» акциясы

140

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Зағиптарға кітап сыйла» акциясы басталды.

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының дыбыс жазу бөліміне қаладағы 4 театрдың актерлері мен белгілі өнер иелері науқанға үлес қосуға жиналды. Олардың ішінде
Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова мен басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова, қалалық орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий, Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актері, Мәдениет қайраткері Еркін Шымырқұлов, Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы бар. Сахна саңлақтары өзге де әріптестерін аталған акцияға атсалысып, бірлікпен жүзеге асыруға шақырды.

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана директоры Бәкір Нұрманбетовтің айтуынша, кітапханада 140 мыңнан астам кітап қоры болса, оның ішінде 45611 «сөйлейтін» кітап бар. Ал дыбыс жазу бөлімінде бүгінге дейін 677 кітап оқылған. Көбейтілгені – 5931 дана.

Advertisements