Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында 14 мұғалім жұмыс істейді

147

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының осы жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Жиында басқарма басшысы Х.Есенова 6 айдың қорытындысы бойынша индикаторлардың орындалуы 98,7% құрап, осы уақытқа жоспарланған қаржы толығымен игерілгенін атап өтті.
Есепті кезеңде қаладағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 93%, орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 86,5%, ал ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 22,3 пайыздық көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Айта кетейік, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында 14 мұғалім жұмыс істейді. Оның 7-і қазақ тілі, 2-і орыс тілі, 5-і ағылшын тілі мұғалімі. 14 мұғалім жылына 1120 адамды курстан өткізеді. Әр мұғалім 4 топтан алып жүреді. Бір топта 10 адам. Бір жылда бір мұғалім 80 адамды оқытады.

Басқарма басшысы бұл бағытта 169 коммерциялық нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 102 жарнама тақтайшалары ретке келтірілгенін атап өтті. Сонымен бірге 4 аудан аумағында жедел байланыс нөмірлері көрсетілген ақпартаттық тақтайшалар орнатылған.

Advertisements