Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар
Ресми дерекке сүйенсек Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Бүгінде соның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен.
Осыған орай, аудан әкімшілігі тұрғындармен 243 жиналыс өткізген. Басқосуда халыққа мүлік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестікті құрудың тиімділігі туралы мамандар тарапынан түсіндірілді.
Сол құжаттағы кестеге сәйкес Еңбекші ауданында бүгінгі таңда түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір аудан аумағындағы 630 көпқабатты тұрғын үйдің ішінде 6-ы мүлік иелерінің бірлестігіне, 174 көпқабатты үй иелері жай серіктестікке өтуге келісім берді. Сонымен қатар, 301 көпқабатты үй тұрғындарына кондоминиум нысандарын басқарудың жаңа тәсілдерін түсіндіру бойынша арнайы басқосулар ұйымдастырылды.